“Алаяқтықтың жаңа түрі”: Жас қыз әлеуметтік желідегілерді тақырға отырғызды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2710

Түркістан облысының 21 жастағы тұрғыны әлеуметтік желі қолданушыларын сан соқтырды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

ІІМ-нің мәліметінше, күдікті инстаграм платформасын өзінің заңсыз әрекеттерін жүзеге асыру үшін қолданған. Ол қаржылық қиындықтарға тап болған азаматтарды несие тарихына қарамастан қаржы алуға мүмкіндігі барын айтып, алдаған. Күдікті қызметі үшін әртүрлі сомада ақша аударуды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін жәбірленушілермен барлық байланысты үзіп, ізін суытқан.

Алаяқтың арбауына түскен 16 азаматтың шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрайды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...