Алдағы 3 күн ауа температурасы 8 градусқа дейін жоғарылайды

Фото: Pixabay

АЙМАҚТАР
388

«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылдың 24, 25 және 26 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері елдің үш ірі мегаполисінде ауа райы әртүрлі болады: Астанада боран соғып, Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, ал Шымкентте күн жылып, ауа температурасы +8 градусқа дейін көтеріледі.

Астана қаласы бойынша болжам

24 желтоқсан:

Ауа райы бұлтты. Түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз шамамен 0°C.

25 желтоқсан:

Бұлтты, қар жауады, боран мен көктайғақ сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні ­– 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -3…-5°C шамасында.

26 желтоқсан:

Аспанда ала бұлтты, кей уақыттарда қар жауып, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы – 9-14 м/с, екпіні – 15-20 м/с. Түнде де, күндіз де ауа температурасы -13…-15°C.

Алматы қаласы бойынша болжам

24 желтоқсан:

Ауа райы құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан соғады – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +1…+3°C.

25 желтоқсан:

Бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Кей уақыттарда тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +2…+4°C.

26 желтоқсан:

Ауа райы құбылмалы. Күндіз жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады – 3-8 м/с, күндіз екпіні 12 м/с-қа дейін жетеді. Түнгі температура 0…+2°C, күндіз +3…+5°C.

Шымкент қаласы бойынша болжам

24 желтоқсан:

Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақыттарда тұман байқалады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні – 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +4…+6°C.

25 желтоқсан:

Бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні – 8-13 м/с. Түнде -2…-4°C, күндіз +6…+8°C.

26 желтоқсан:

Ауа райы құбылмалы. Кей уақыттарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ пен тұман болуы ықтимал. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +1…+3°C. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

17 жыл құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың қарамағында бала қалмады,...