Өткен жылдың желтоқсан айында Ақтау маңында болған ұшақ апатының алдын ала есебі жарияланды, деп х...
«Ауаға газ тарады»: Атырау облысында мұнай ұңғымасында жарылыс болды
Фото: Видеодан кадр
2197
Атырау облысында «Батыс Прорва» кен орнындағы №437 ұңғымада газ ауаға тарап, өрт шықты, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, жалынның биіктігі – шамамен 20 метр. Оқиға орнында «Ембімұнайгаз»компаниясының мамандары жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайға «ҚазМұнайГаз» түсініктеме берді.
«Кен орнындағы №437 мұнай ұңғымасында перфорациядан кейін сорапты-компрессорлық құбырды (СКҚ) түсіргенде газ ауаға тарады. Салдарынан СКҚ істен шықты. Болған оқиғадан ешкім зардап шекпеді. «ЕмбіМұнайГаз» АҚ жедел штабы шұғыл шешім қабылдады: ұңғыманың аумағы қоршалып, қалыпқа келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр», деп хабарлады «ҚазМұнайГаз».