Айдос Үкібай Сара Назарбаева жайлы ресми мәлімдеме жасады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
831
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Алматыдағы ауруханада Сара Назарбаева инфаркт алғанын айтты, деп хабарлады Madeniportal.kz.
 
Оның айтуынша, 2025 жылдың сәуірінен бастап Назарбаева Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатқан.
 
«Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады», - деді Үкібай.
 
Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болған.
 
«Биыл қаңтарда жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталды. Қазір Сара Назарбаева Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында», - деді тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...