Астана әуежайы 15 сәуірден бастап ұшақтарды қабылдауды тоқтатады

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
808

Елордалық әуежайда ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты 15 сәуірден бастап ұшақтарды қабылдау мен жөнелтуге уақытша шектеу қойылады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Жөндеу жұмыстары мамыр айының соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі мәлім етті.

Негізгі өзгерістерге сәйкес, күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін рейстер тоқтатылады. Осы уақыт аралығына жоспарланған барлық ұшу және қону кестелері таңғы немесе кешкі уақытқа ауыстырылды. Дегенмен, әуежай терминалы, кассалар және қызмет көрсету аймақтары шектеусіз, тәулік бойы жұмыс істей береді.

Мамандар жолаушыларға рейстің мәртебесін алдын ала әуе компанияларының сайттарынан тексеруді ұсынады. Ұшу кестесінің тығыздығына байланысты кезекке тұрып қалмау үшін әуежайға ертерек келу (ішкі рейстерге 2 сағат, халықаралық рейстерге 3 сағат бұрын) қажеттігі ескертіледі.

Айта кетейік, ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары биылғы жылдың 31 мамырына дейін жалғаспақ.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...