Көкшетауда былтыр ашылған портал, қаражаты уақытылы төленбей жабылып қалды, деп хабарлайды Көкшетау...
Александр Машкевич дүниеден озды
Фото: Getty Images
Eurasian Resources Group (ERG) және Евразиялық қаржы компаниясының (ЕФК) ірі акционері Александр Машкевич 72 жасында көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Бірнеше дереккөз Александр Машкевич өмірден өткенін растады.
Өткен жылы Александр Машкевичтің ауыр сырқатқа шалдыққаны туралы қауесеттер бір жыл бұрын-ақ тарай бастады. Ол елордадағы басты шаралардың бірі – халықаралық «Астана» форумында (AIF) сөз сөйлеуі тиіс болған, алайда бұл жоспар кенеттен өзгерді. Бұл таңқаларлық жағдай еді, өйткені ERG форумның негізгі демеушілерінің бірі болатын.
Александр Машкевич ұзақ жылдар бойы Қазақстандағы ең ірі өндірістік және қаржылық активтердің иесі болды. Ол ERG-ні серіктестері Патох Шодиев және Ибрагимовтер әулетімен бірге басқарды. Сонымен қатар, компания акциясының 40%-ы Қазақстан үкіметіне тиесілі. ERG құрамына елдің ең ірі өндірістік активтері – «Қазхром», Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі, «Алюминий Қазақстан» және Қазақстан электролиз зауыты кіреді.
Машкевич Қазақстандағы қаржы нарығының да негізгі ойыншыларының бірі болды. Ол Евразиялық қаржы компаниясының тең құрылтайшысы болып, Евразиялық банктің, "Евразия" сақтандыру компаниясының және "Евразиялық Капитал" брокерлік ұйымының акцияларына иелік етті. Қазіргі таңда ЕФК-ның құрылымы келесідей бөлінген: Машкевичке – 33,3%, Шодиевке – 33,3%, ал 2021 жылы қайтыс болған Алиджан Ибрагимовтың жұбайы Мукадасхан Ибрагимоваға – 33,3%.
Машкевичтің қазасы ERG құрылымындағы жаңа өзгерістерге әкелуі мүмкін. Оның орнына кім келеді, акциялар кімнің қолына өтеді – бұл сұрақтар алдағы уақытта белгілі болмақ. Қазақстанның ең ірі өнеркәсіп және қаржы магнаттарының бірі кеткенімен, оның бизнес-империясы қайта бөлініске түсетін кезеңге аяқ басты.
Александр Машкевич 1-дәрежелі «Барыс», 3-дәрежелі «Барыс» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.