Тоқаев БҰҰ-ны реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...
Әлемдік подиумнан әскери плацқа: танымал модель Қарағандыда Отан алдындағы борышын өтеп жүр
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
Бір кездері әлемдік подиумдарды бағындырып, танымал брендтердің топтамаларын көпшілікке таныстырған Шыңғыс Танатпаев бүгінде әскери киім киіп, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қатарында мерзімді әскери қызметін атқарып жүр. Ол осылайша Отан алдындағы азаматтық борышын орындауда, деп хабарлайды MadeniPortal.kz liter.kz-ке сілтеме жасап.
Қарағандыдағы 5451 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Шыңғыс Танатпаев модельдік мансабын 17 жасында бастаған. Бойының ұзын әрі сырт келбетінің тартымды болуы оған сән индустриясына жол ашып, халықаралық подиумдарға шығуына мүмкіндік берген.
Шыңғыс әлемге әйгілі француздық Pierre Cardin сән үйінің, сондай-ақ италиялық Federico Barrazzo және Sauvage Multi брендтерінің топтамаларын таныстырған. Ол сән көрсетілімдерімен әлемнің түрлі елдерінде болып, халықаралық деңгейде тәжірибе жинаған.

Алайда бүгінде модельдің күнделікті өмірі түбегейлі өзгерген. Бұрын подиумда нық жүріп өткен Шыңғыс қазір әскери плацта саптық қадаммен жүріп келеді.
Ұлттық ұлан өкілдерінің айтуынша, сырт көзге модельдік мансап пен әскери қызмет бір-біріне мүлдем ұқсамайтын салалар сияқты көрінуі мүмкін. Дегенмен олардың арасында ортақ қасиеттер бар. Оларға тәртіп, жинақылық және жауапкершілік жатады.
Егер подиумда модельдің көпшілік алдында өзін сенімді ұстауы маңызды болса, әскери қызметте әр әрекетке жауапкершілікпен қарап, қойылған міндеттерді дәл әрі уақтылы орындау қажет.

Қазіргі уақытта Шыңғыс Танатпаев Қарағандыдағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосып жүр. Ол күн сайын әскери міндетін адал атқарып, бұқаралық іс-шаралар кезінде және адам көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті қадағалайды.
Қызмет барысында әскери қызметші тұрғындармен тікелей байланысып, түрлі жағдайларда оларға көмек көрсетеді. Мәселен, ата-анасынан адасып қалған балаларды іздеп тауып, жақындарына табыстауға көмектескен. Сондай-ақ тұрғындарға жоғалған құнды заттарын қайтаруға жәрдемдескен жағдайлары да болған.
Бүгінде Ұлттық ұланның 7 мыңнан астам әскери қызметшісі еліміздің 21 қаласында күн сайын қоғамдық тәртіпті қорғауға атсалысады. Ал Қарағандыда бұл міндеттерді орындауға күн сайын 250-ден астам әскери қызметші жұмылдырылады.