Емтиханнан төмен балл алған ұлын үйінен қуып жіберген ата-ана жұртты таңқалдырды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1451

Қытайда ата-анасы өз ұлын ұлттық емтиханнан жеткілікті балл ала алмағаны үшін үйден қуып шыққан, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ South China Morning Post басылымына сілтеме жасап. 

Хунань провинциясында 18 жастағы талапкер Сяокай ұлттық бірыңғай қабылдау емтиханында (гаокао) 750 мүмкін ұпайдың 575-ін жинаған. Бұған ашуланған ата-анасы үйдегі құлыптың кодын өзгертіп, ұлы беделді университетке түсе алмаса, оқу ақысын төлеуден бас тартқан. Айта кетейік, Сяокай мектепте үздік оқушылардың қатарында болған.

Ол бар назарын оқуға саламын деп уәде берген еді, бірақ күнұзақ телефон шұқылап, ойын ойнап жүрді, – дейді әкесі. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...