Әлеуметтік желі қолданушылары челлендж бастады. Жұлдыздар мен блогерлердің Талғар оқиғасына үнсіздігіне халық наразы (видео)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1787

Әлеуметтік желі қолданушылар әншілер мен блогерлерден жаппай “отписка” жасап жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Халықтың наразылығын тудырған Талғардағы оқиғаға қоғам белсенділері мен әнші жұлдыздардың үн-түнсіз жатуы, қолдау білдірмеуі болып отыр.

Күн сайын қызыға қарап жүрген жұлдыздардың парақшасынан желі қолданушылары жаппай бас тартуда. Видеолардың көпшілігі “халқым деп жүрген жандар осындайда неге үнсіз?”, “халықтың арқасында көтерілгендеріңді ұмытпаңдар” деген секілді жазбалармен жариялануда.

Кейбір блогерлер жекелеріне келген хаттарға “өздерінің де қарапайым халық секілді адам екенін, мұны тек заң ғана шешетінін” айтып қана жауап беруде. 

 

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...