«Бала да болған»: Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан 5 адам қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1045

Ақтөбе облысында болған жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты: олардың арасында бала да бар, деп хабарлады MadeniPortal.kz

Қайғылы жол апаты Байғанин ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ автокөлігі мен DAF жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бала да бар.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Бір жолаушы түрлі жарақаттармен Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», – деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...