23 жастағы мүгедек қыз аштықтан жан тапсырған

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1596

Евлах ауданына қарасты Аран ауылында орналасқан жеке үйлердің бірінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл оқиға жайлы жергілікті ақпарат көздері хабарлады.

Қайтыс болғандардың бірі — 1977 жылы дүниеге келген Мехеббет Байрамов, ал екіншісі — оның 2002 жылы туған қызы Сабина Байрамова екені анықталды. Қыз бала бірінші топтағы мүгедек ретінде ресми есепте тұрған.

Бастапқы болжамға сәйкес, Байрамовтың жұбайы соңғы бірнеше күн бойы үйде болмаған. Осы уақыт аралығында әкесі дүниеден өтіп, қыз үйде жалғыз қалған. Жағдайына байланысты сырттан көмек ала алмаған ол аштықтан көз жұмған болуы мүмкін.

Көршілер үйден еш дыбыс шықпағанын байқаған соң, жағдайды тексеріп, оқиға туралы құқық қорғау органдарына хабар берген. Қазір аталған факті бойынша тексеріс жұмыстары басталды.

Мемлекеттік әлеуметтік қорғау қорының өкілі Рашад Мехдилидің айтуынша, бұл отбасы әлеуметтік осал санатқа жатқызылып, тұрақты түрде мемлекеттік жәрдемақы алып келген.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...