Almaty Arena мұз айдынында өрт шықты

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2142

Алматыдағы Almaty Arena мұз айдынында өрт шықты. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ведомство мәліметінше, өрт ғимараттың кіші залындағы бірінші қабатта болып, 40 шаршы метр аумақта төсеніштер жанған.

Оқиға болған кезде ғимаратта болған келушілер мен қызметкерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен сыртқа шыққан.

«Өрт сағат 15:46-да оқшауланып, жалынның басқа бөлмелерге таралуына жол берілген жоқ. Толық сөндіру жұмыстары сағат 15:52-де аяқталды», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...