Лисаков қалалық сотында оқушылар арасындағы болған аяусыз іс-әрекеттер қаралды, деп хабарлайды MADEN...
«АрселорМиттал Теміртау» ісі бойынша күдікті қамауға алынды
Фото: gov.kz
443
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 31 мың тоннадан астам өнімін заңсыз иемденді деген күдікпен Сергей Ким қамауға алынды. Тергеу «АлбаСтройДор» компаниясының директорына қатысты жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Күдікті 2015 жылы екі компания арасындағы келісімді пайдаланып, зауыт аумағынан домна қоспасы мен кесек шойынды жымқыру схемасын ұйымдастырған. Нәтижесінде кәсіпорынға 2 млрд теңгеге жуық шығын келтірілген.
ҚМА хабарлауынша, ұрланған мүлік күдіктінің бақылауындағы «ГлобалСпецТорг» және «ЦентрОптСнаб» ЖШС арқылы заңдастырылған. Күдікті 2 айға қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.