Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлап кеттіұс

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1635

Алматы әуежайында ойнап жүрген баланың үстіне әйнек құлаған. Әйнектің сынығы баланың маңдайына тиді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, бала шамамен 7-9 жаста. Оқиға 4 шілде Алматы-Шымкент рейсін күтіп тұрғанда болған.

Әуежайдың баспасөз қызметі баланың перронға шығатын жаққа қарай жүгіргенін және витражды қорғауды байқамағанын мәлімдеді.

"Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері дереу әрекет етіп, әуежайдың медициналық қызметін, сондай-ақ жедел жәрдемді шақырды. Әуежайдың кезекші медицина қызметкерлері жедел жәрдем бригадасы жеткенше алғашқы медициналық көмек көрсетті", – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежай әкімшілігі емге кететін барлық шығынды өз мойнына алғанын айтып, ата-аналардан балаларын күту орнында мұқият бақылауды сұрады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...