Алматы облысына жаңа әкім тағайындалады

Фото: Алматы облысының әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
114

Алматы облысында жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін мәслихат депутаттары шұғыл жиналатын болды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың ресми хабарламасында айтылды, деп жазады MadeniPortal.kz Alash.KZ-ке сілтеме жасап. 

Ал ҚазТАГ агенттігі өз дереккөздеріне сүйеніп, облыс тізгінін бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ұстауы мүмкін екенін жеткізіпті.

Ресми түрде ұсынылатын кандидаттың есімі әзірге жарияланған жоқ. Дегенмен агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, жаңа әкім қызметіне негізгі үміткер ретінде Шыңғыс Әрінов қарастырылып отыр. Ол 2026 жылдың 3 қыркүйегіне дейін Төтенше жағдайлар министрі лауазымын атқарған еді. Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен бұл ведомствоға басқа басшы тағайындалып, Әрінов бұрынғы қызметіне қайта бекітілген жоқ.

Мәслихаттың таратқан ақпаратына қарағанда, депутаттардың жиналысы 4 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қонаев қаласында өтеді. Жиын Жамбыл көшесі, 13/1 мекенжайындағы қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылады. Қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 09:00-де басталады.

Бұл рәсім Президенттің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген қағидалар негізінде өткізіліп отыр. Аталған құжат өңір басшыларын қызметке қоярда жергілікті мәслихаттардың келісімін алу тәртібін реттейді.

Қазіргі уақытта Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев басқарып отыр. Ол бұл қызметке 2022 жылдың маусым айында тағайындалған болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

“Қазақ қыздары жылқының жалындай ұзын шашты жақсы көреді” деп видео түсірген ресейлік бл...