37 жолаушы болған: БҚО-да автобус өртеніп кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
360

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайтын рейстік автобус қозғалыс кезінде өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Самара — Шымкент тасжолында, Шалқар көліне бұрылатын маңда болған. Автобустың ішінде 37 жолаушы болған.

Жолаушылардың барлығы автобустан өздігінен эвакуацияланып үлгерген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 8 қызметкер мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, тілсіз жау толықтай жойылған. Оқиғаның нақты себебі әзірге хабарланған жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, 27-28 қыркүйекте елдің солтүстігі мен шығысында т...