Алматы облысында 15 жастағы қызға өгей атасы қырындаған

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
125

Алматы облысында 15 жастағы қыз өгей әкесінің әкесінен қысым көргенін айтты. Полиция іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы КТК арнасы жариялады. Қыздың айтуынша, анасы түнгі жұмысқа кеткен кезде 62 жастағы ер адам оның бөлмесіне кіріп, денесіне тиіскен. Сондай-ақ оған әдепсіз видеолар көрсеткен.

«Ол менің кеудем мен жамбасымды ұстайтын. Кейде мойнымнан сүйетін. Бір күні мен ыдыс жуып жатқанда, атам мені шақырды. Содан кейін маған жалаңаш әйелдер мен ер адамдар түскен видеоны көрсетті. "Міне, қарашы, бұлар сенің құрдастарың" деді. Мен ашуланып, сіңлімді ертіп алып, кешке дейін далада жүрдік», – деді қыз телеарна тілшісіне.

Бұл адам қыздың туған атасы емес, анасының екінші күйеуінің әкесі екені айтылды.

Қыздың анасы қызының қорыққандықтан жастығының астына пышақ жасырып жүргенін айтты. Оның сөзінше, болған жағдайды күйеуіне айтқанда, ол сенбей, өзін ұрып-соққан.

Қазір жүкті әйел мен үш баласы басқа адамдардың үйінде уақытша тұрып жатыр. Күдікті әзірге бостандықта, ол мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Полиция бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, барлық жағдайды анықтау үшін тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...