Алматы облысында ер адам полицейді көлігімен сүйреді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2486

Алматы облысында полиция қызметкерін көліктің есігінде сүйреген жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Байсейіт ауылында жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде облыстағы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов, жол ережесін бұзған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатты. Рөлде Достық ауылының 34 жастағы тұрғыны болған. Құжаттарды рәсімдеу сәтінде жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбаған. Полицейлерді елемей, көлікке қайта отырып, Қанат Темірбаевтың саусақтарын машинаның есігімен қысып қалса да, қозғала бастаған. Көлік орнынан күрт қозғалып, полиция қызметкерін 10-15 метр шамасында сүйреп әкеткен. Ақыры офицер қолын босатып үлгерді, бірақ асфальтқа құлаған кезде жарақат алды. Жүргізуші қашуға тырысқанымен, көп ұзамай қолға түсіп, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...