Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президентімен кездесті, деп хабарлайды MAD...
Алматы облысында полицейді өлтіріліп, мәйітін өртеген
Ашық дереккөз
Алматы облысының Кеген ауданында ер адамның күйіп кеткен мәйіті табылды. Қаза тапқан адамның Алматы қаласы полициясының 37 жастағы қызметкері Аслан Әлсеров екені анықталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Ulysmedia.kz дереккөздерінің мәліметінше, мәйіт бүгін Көкпек – Көктал – Кеген тасжолынан шамамен 400 метр жерде, Кеген асуы маңынан табылған. Табылғаны туралы полицияға мал іздеп жүрген жергілікті шопан хабарлаған.
Тергеу-жедел тобы марқұмның жеке басын анықтады. Аслан Әлсеров Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында аға жедел уәкіл қызметін атқарған. Мәйіт қатты күйіп кеткен. Оң қолының білезік тұсынан күйген арқанның қалдықтары табылған.
Алдын ала болжам бойынша, қылмыс Алматы қаласындағы отбасының пәтерінде жасалуы мүмкін. Тергеушілердің пайымынша, кейін қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйіт Кеген ауданына жеткізілген.
Тергеу барысында марқұмның жұбайының, полицияның бұрынғы қызметкерінің, іске қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оқиғаның куәгері 14 жастағы ұлы болуы мүмкін деген болжам бар.
Бастапқыда іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тергелген, алайда кейін ол неғұрлым ауыр қылмыс құрамына қайта сараланған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, дәлелдемелер жиналуда.
Оқиғаның нақты мән-жайы ресми түрде анықталып жатыр.