Әлемге танымал Димаш Құдайберген Лара Фабианның Лондонда өткен концертіне арнайы қатысып, «Ada...
Бірінші сынып оқушысы ата-анасының атынан несие алған
Сурет qaz365.kz сайтынан алынған
2736
Оқиға Ресейдің Томск қаласында болған, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Алаяқтар бірінші сынып оқушысын танымал онлайн ойын арқылы алдаған. Бүлдіршін өзіне алаяқтардың берген тапсырмасын ойын валютасын табуға арналған деп ойлап, нәтижесінде қаскөйлердің нұсқауымен ата-анасының атына 500 мың рубльге бірнеше несие рәсімдеген, бұл шамамен 2,5 миллион теңге.
Алаяқтар қыз баланы ойын валютасын алу үшін ата-анасының телефондарын суретке түсіру керек деп сендірген. Нұсқаулыққа сәйкес әрекет еткен оқушы онлайн-несие рәсімдеп, қомақты қаражатты алаяқтарға аударған.