UFC-дің YouTube арнасында қазақстандық Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасы...
«9-10 айдан кейін қызды болдым»: Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаеваның батасы туралы айтты (видео)
әлеуметтік желіден
Танымал әнші Жазира Байырбекова айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне арнаған тілегі қабыл болғанын айтып, әсерлі естелігімен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz
Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында Айнұр Тұрсынбаеваның бір кездері өзіне қызды болуды тілеп, арнайы өлең шумақтарын арнағанын еске алды.
Әншінің айтуынша, арада небәрі 9-10 ай өткенде ол қыз баланы дүниеге әкелген.
«Бір кезде Айекем маған: „Жазира, қыздың анасы бол“, – деп өлең шумақтарын арнап еді. 9-10 айдан кейін қызды болдым. Содан бері Айнұрдың аузы дуалы екенін жиі байқап жүрмін», – деп жазды Жазира Байырбекова.
Әнші ақынның ақ тілегіне ризашылығын білдіріп, оған жылы лебізін арнады.
«Айекем, жақсы тілегің қабыл болсын», – деп түйіндеді ол.
Осылайша Жазира Байырбекова Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне айтқан тілегі мен өміріндегі қуанышты оқиғаны байланыстырып, ақынға алғысын жеткізді.