Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева бүгін өмірден өткен жазушы,...
Ақтөбеде әскери қызметкер есірткімен ұсталды
Фото: freepik
610
Ақтөбеде әскери қызметкер есірткіге қатысты күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға 28 мамыр күні қаладағы Қазанғап көшесінде болған. Куәгерлердің айтуынша, майор шеніндегі 39 жастағы азамат көшеде күмәнді күйде жүрген. Тексеру барысында әскери қызметкер қағазға оралған түйіншекті өз еркімен тапсырған. Оның ішінде жасыл түсті, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат болғаны анықталған.
Медициналық сараптама қорытындысы майордың есірткілік масаң күйде болғанын көрсетті.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.