Алматы облысында мектеп оқушылары бар автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, апатқа ұшырады, деп хабарла...
Қазақстандық танымал әдебиеттанушы, ғалым көз жұмды
Фото: freepik
2508
Әдебиеттанушы, ғалым Сейіт Қасқабасов дүниеден озды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Белгілі әдебиеттанушы, фольклортанушы ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сейіт Қасқабасов 85 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Саналы ғұмырын қазақ фольклортану ғылымына арнаған ғалымның 500-ден аса мақаласы мен 100-ге тарта кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, бес томдық таңдамалы шығармалары жинағы шықты.
Академик Сейіт Қасқабасов өз еңбектерінде ұлттық фольклордың теориясы мен тарихын, әдебиет пен өнер проблемаларын, этнография мен ауыз әдебиеті мұраларына қатысты іргелі еңбектердің авторы.