ТЖМ құтқарушылары Қапшағай су қоймасында қайғылы оқиғаның алдын алды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
574

Қонаев қаласында ТЖМ құтқарушылары Қапшағай су қоймасында батып бара жатқан 21 жастағы қызды судан алып шықты. Зардап шегушіні патрульдеу кезінде дер кезінде байқап, алғашқы көмек көрсетіп, қалалық аурухананың дәрігерлеріне тапсырған, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оқиға демалыс аймақтарының бірінің аумағында болған. 2005 жылы туған қыз жағалаудан шамамен 20 метр қашықтыққа жүзіп барып, қалқыма белгілермен (буйлармен) белгіленген қауіпсіз аймақтан асып кеткен. Сол жерде ол бата бастаған.

Осы сәтте су айдынын ТЖМ қызметкерлері патрульдеп жүрген. Олар суға батып бара жатқан қызды байқап, бірден құтқару жұмыстарына кіріскен. Құтқарушылар қызды судан шығарып, жағаға жеткізіп, дереу алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

«Көмек көрсетілгеннен кейін қыз жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. ТЖМ құтқарушыларының алып жүруімен ол Қонаев қалалық ауруханасына жеткізілді», – деп хабарлады ведомство.

Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында зардап шегушінің өмірі аман қалды. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің бақылауында.

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және қалқыма белгілерден (буйлардан) асып жүзбеуді тағы да ескертті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер Алмат Сақатов айтыскер ақын Мақсат Ақановқа қатысты пікір білдіріп, оны орынсыз сынап, ауыр сө...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде екі 13 жастағы сыныптас арасында жанжал шығып, оқушылардың бірі екіншісіне 15 рет пышақ сұққ...