Алматы облысында жоғары сынып оқушылары құрдасын соққыға жыққан

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
953

Алматы облысында жоғары сынып оқушылары құрдасын соққыға жыққан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға Қаскелең қаласында болған.  

Желідегі ақпарат бойынша, жоғары сыныпта оқитын бір топ қыз 9-сыныптың оқушысын ұрып-соққан. 

Полиция қылмыстық іс қозғады. 

Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жіберілді. 

Оқиғаға қатысы бар екі жасөспірім профилактикалық бақылауға алынды. 

Сондай-ақ олардың ата-аналары балаларын тәрбиелеуде өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.