Алматыда 34 жастағы жігіт өгей әкесін пышақтап тастаған

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
26

Алматының Алмалы ауданындағы пәтерлердің бірінде 59 жастағы ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Кісі өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның 34 жастағы өгей ұлын оқиға орнында ізін суытпай ұстады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Полицияның мәліметінше, түнгі сағат үш шамасында 102 арнасына Брусиловский көшесіндегі үйлердің бірінде пышақтасу болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жеткен.

«Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, зардап шеккен ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады. Көптеген пышақ жарақаты мен көп қан жоғалтудың салдарынан 59 жастағы ер адам көз жұмды. Алмалы аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол қаза тапқан адамның 34 жастағы өгей ұлы болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасылық жанжал кезінде ол ер адамға асүй пышағымен бірнеше рет соққы жасаған», – делінген полиция хабарламасында.

Күдіктінің айтуынша, жанжалдың шығуына анасына қатысты келіспеушіліктер себеп болуы мүмкін. Тергеу бұл және басқа да ықтимал нұсқаларды тексеріп жатыр.

Тұрмыстық жағдайда жасалған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның толық мән-жайы мен қылмыстың себептерін анықтау үшін қажетті барлық процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық полицейлер Рысқұлов даңғылында ұйымдастырылған қауіпті түнгі автожарысқа тосқауыл қойды, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысындағы Көлсай көлдері ұлттық паркі аумағында 16 жастағы қызды жылан шақты. Зардап шеккен...