«Миы шайқалып, тілі кесілген»: Павлодарда мектеп оқушылары төбелескен

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1132

Павлодарда 10 жасар екі оқушы өз қатарластарының тілін қайшымен кесіп жібергені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы SMARTNEWS.KZ басылымы жазды.
Оқиғаға қатысты зардап шеккен баланың анасы куәгерлерді іздеп жатыр. 

Telegram-арна Kerekpv келтірген дерекке сүйенсек, әйелдің айтуынша, белгісіз екі бала оның ұлын жерге жығып, басы мен денесіне соққы берген. Одан кейін тілін қайшымен кескен. Жараланған бала қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер оған ми шайқалуы диагнозын қойған. Полиция департаменті бұл дерек бойынша қасақана жеңіл жарақат келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Полиция мәлімдемесінде былай делінген:

«Оқиғаға қатысы бар кәмелетке толмағандарды анықтау және ұстау бойынша қажетті шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс аясында олардың заңды өкілдерінің әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Сондай-ақ балалардың тәртібі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралып, есепке қою мәселесі де шешіледі».

 Істің нақты мән-жайы тергеу барысында белгілі болмақ.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талапты бұзған жекеменшік мектеп лицензиясынан айыры...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тбилиси – Астана бағытындағы ұшақта электронды темекі шеккен 38 жастағы шетелдік жолаушы жауап...