“Құдай сақтап қалды”: Алма-Арасан шатқалындағы жардан тас құлады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2118

Алматыда Алма-Арасан шатқалындағы жардан тас құлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Демалушылардың бірі оқиға болғаннан кейін видео түсіріп әлеуметтік желіде жариялаған. Онда үлкен тастың ғимараттың үстіне құлап қиратып тастағаны анық көрінеді. 

"Бізді құдай сақтап қалды. Таудан тас құлады да, киіну бөлмесінің быт-шытын шығарды. Мына жерге үлкен тас құлады. Мен мына жерде душқа түсіп жатқам сол кезде. Құдай сақтап қалды". 

Оқиға салдарынан термалды су көздері жанындағы алаңда орналасқан демалушыларға арналған күрке құрылысы бүлініп, киім ауыстыратын бөлменің бір бөлігі зақымданған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...