Шоу келесі жылдың наурызында өтеді.Димаш Құдайберген Мәскеуде екінші жеке концерті өтетіні туралы жа...
Алматы тауларынан 19 жыл бұрын жоғалған альпинистің сүйегі табылды
Фото: ЖИ
370
Кеше Алматы тауларвнан туристер адамның сүйегін тауып алғаны туралы жазған едік. Ол Северцев мұздығынан 19 жыл бұрын тауда жоғалып кеткен альпинистің сүйегі екені анықталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Адам сүйегі мен сөмкені алғаш рет Беларусь туристері байқап, құтқарушыларға хабарлаған.
Шамамен 3400 метр биіктіктен табылған сөмкені марқұмның қызы Нелля Михеева суреттерден таныған.
Кейін сөмкеден ер адамның атына рәсімделген жеке куәлік табылған.
Нелляның айтуынша, әкесі осыдан 19 жыл бұрын тауға шығып, содан бері хабарсыз кеткен.
Оқиға орнына құтқарушылар мен полиция барып, қажетті жұмыстарды жүргізді.
Марқұмның туыстары іздеу жұмыстарына көмектескен туристерге, еріктілерге және құтқарушыларға алғыс айтты.