Ақтауда зорлық әрекеті кезінде күдікті қолға түсті (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1791

Ақтаудың 15-шағынауданындағы теңіз жағалауында қыз зорламақ болған ер адамды куәгерлер ұстап алды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы оқиға орнында болған адамдар күдіктіні ұстап алып, полицияға хабар берген. 

Куәгерлердің айтуынша, күдікті хиджаб киген бойжеткенге күш қолдануға тырысқан. Қыздың жанайқайын естіген тұрғындар дереу көмекке келіп, күдіктіні ұстап, полицияға тапсырған. 

Ақтау қаласы полиция департаменті ресми жауабында «11 наурыз күні бейнежазбаға түсіп қалған зорлық көрсетуге оқталу фактісі бойынша бірден қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Іс бойынша тергеу аяқталып, айыптау қорытындысымен бірге прокуратура арқылы сотқа жолданды», - деді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...