Қанат Бозымбаев Оралдың периметрі бойынша су тасқынына қарсы қорғаныс құрылыстарын тексерді. Қазіргі...
Ұлдана Мырзуан ісі бойынша куәгер болған әйел қалай күдіктіге айналды
Фото: ЖИ
Астанада Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша айыпталушы Сәуле Жұбаниязова куәгерден күдіктіге айналғанына таң қалғанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында іс қаралып жатыр. Айыпталушы – қайғылы оқиға болған үйдің мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) төрайымы Сәуле Жұбаниязова.
«Мені куәгерден күдікті еткеніне әлі күнге дейін таң қалып отырмын. Қаржы жетіспегендіктен, толық дайындала алмадым әрі адвокат табуға мүмкіндігім болмады. Мен жалғызбасты анамын. Екі баланы жалғыз тәрбиелеп отырмын, өз үйім де жоқ. Қазір алаңдаған адамдар маған қаражат жинауға көмектесіп жатыр», – деді ол көз жасын тыя алмай.
Оның айтуынша, 2016 жылы бұрынғы басшылық ғимараттың 30%-ы қауіпсіз емес екенін көрсететін құжаттарды ұсынбаған.
Жұбаниязова МИБ төрайымы қызметін небәрі алты ай атқарғанын және осы уақыт ішінде ешқандай мәселе байқамағанын айтты.
«Қасбетті тексеру 5-10 миллион теңге тұрады. Бірақ сыртынан қарағанда бәрі жақсы көрінеді. Ішінде не болып жатқанын қайдан білейін? Бұл – жасырын құрылыс ақаулары», – деді ол.