Қазақстанда балалардың интернетке қолжетімділігіне шектеу қойыла ма?

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
112

Қазақстанда цифрлық платформалардағы пайдаланушылардың жасын анықтаудың бірыңғай алгоритмін әзірлеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Astana Media Week 2026 форумында Мәдениет және ақпарат министрінің бірінші орынбасары Қанат Ысқақов мәлімдеді, деп хабарлады MadeniPortal.kz .

Оның айтуынша, бұл бағыттағы басты міндеттердің бірі – пайдаланушының жеке басын және жасын анықтау. Бұл ретте цифрлық платформалармен бірлесіп жұмыс істеу қажет.

«Ең басты мәселе – пайдаланушының жеке басын анықтау. Бұл – өте күрделі жұмыс. Сондықтан адамның жасын анықтаудың бірыңғай алгоритмін әзірлеу үшін цифрлық платформалардағы әріптестерімізбен бірлесіп жұмыс істейміз», – деді Қанат Ысқақов.

Министрдің бірінші орынбасары бастаманы жүзеге асыру кезінде кәсіби қауымдастықтың пікірін ескеру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ балалардың білім алуына және басқа да маңызды ақпаратқа қол жеткізуіне кедергі келтірмеу қажеттігін айтты.

«Бұл бастама тиімді болуы үшін кәсіби қауымдастықпен және цифрлық платформалармен бірлесіп жұмыс істейміз. Балалардың білім алуына және өзге де маңызды ақпаратқа қол жеткізуіне шектеу қоймауымыз керек», – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгіл...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулау кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оны...