Алматы тауларында 6 жастағы бала жоғалып кеткен

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
249

Алматы тауларындағы Аюсай шатқалында құтқарушылар ата-анасынан адасып қалған алты жасар қызды тапты. Бала таулы аймақта жалғыз жүрген, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шатқалды патрульдеу кезінде жалғыз жүрген кішкентай қызды байқап қалған.

Дәл сол уақытта ата-анасы да қызының қастарында жоқ екенін байқап, «112» нөміріне хабарласып, көмек сұраған.

«Құтқарушылар қызды анасына аман-есен табыстады», – деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Абырой болғанда, балаға медициналық көмек қажет болмаған.

ТЖД қызметкерлері тауға серуендеуге шыққан ата-аналарға балаларын үнемі назарда ұстау қажеттігін ескертті. Мамандардың айтуынша, бейтаныс әрі таулы жерде баланы аз уақытқа көзден таса етудің өзі қауіпті жағдайға әкелуі мүмкін.

Шоу-бизнес

“Қалаулым” бағдарламасында тележүргізуші болып танылған Диана Скатованың үйлену тойы өтт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанадағы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде 19 жастағы жігіт асүй пышағымен сатушыларды қорқы...