Алматы облысында тағы бір «Алтын адам» табылуы мүмкін

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
371

Алматы облысындағы Қарадала жазығында археологтар үшін маңызды жаңалық тіркелді. Ұйғыр ауданы аумағындағы Тоғызбұлақ-1 қорымында жүргізілген зерттеу барысында ежелгі сақ дәуіріне тиесілі алтын бұйымдар табылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

 Бұл туралы BAQ.KZ жазды. Мамандар бұл артефактілердің стильдік ерекшеліктері жағынан Есік қорғанынан табылған әйгілі «Алтын адамның» зергерлік бұйымдарына ұқсайтынын айтады.

Қазба жұмыстарын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ археологтары жүргізіп, екі ай ішінде алты жерлеу орнын зерттеген. Зерттеу нәтижесінде шамамен 30 түрлі бұйым жарыққа шықты. Олардың қатарында алтыннан жасалған сақина, әйелдерге арналған сырға мен алқа, белдікке тағылатын әшекейлер және мүйіз пішіндес заттар бар. Сондай-ақ тісі алтынмен қапталған адамның қалдығы да табылған.

Археологтар бұл өңірде ел билеушілері мен ақсүйектер жерленген болуы мүмкін деп болжайды. Алайда көп қорған ежелден тоналып кеткен. Соған қарамастан табылған заттар сол заманғы элитаның жоғары мәртебесін айғақтайды.

– Алдын ала сараптама нәтижесі бұл әшекейлердің біздің дәуірімізге дейінгі IV–III ғасырларға тиесілі екенін көрсетіп отыр, – дейді экспедиция жетекшісі Досбол Байқонақов.

Зерттеушілер жаңа табылған бұйымдар отандық археологияға тың деректер қосып, Қазақстанның көне тарихын тереңірек тануға мүмкіндік береді деп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайынд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық музыка академиясын 25 жыл басқарған скрипкашы Айман Мұсақожаева жылы орнын қайтарамын д...