Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing...
Алматы тауларында адасып кеткен турист табылды
Фото: ТЖМ
Алматы облысының таулы ауданында шыңға шығу кезінде топтан адасып, байланыссыз қалған ер адам құтқарылды. Құтқарушылар туристі түні бойы іздеген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оқиға Алматы облысының Қарасай ауданында, теңіз деңгейінен 4300 метр биіктіктегі Сәтбаев шыңы маңында болған. Алты адамнан тұратын топ тауға шығу кезінде қатысушылардың бірі қайтып оралмағанын және онымен байланыс үзілгенін хабарлаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ол жоғары таулы жерде бағдарсыз және байланыс құралдарынсыз қалып қойған. Дабыл түскен бойда ТЖМ «Барыс» республикалық құтқару қызметі мен Алматы қалалық ТЖД құтқарушылары іздестіру жұмыстарына кірісті.
Құтқарушылар түн ішінде қауіпті беткейлерді тінту кезінде жоғалған адамды Совет шыңының астындағы «Әткеншек» аумағынан тапты.
Туристің жағдайы қанағаттанарлық. Оған медициналық көмек қажет болмаған. Күрделі жағдайларға қарамастан, ол қауіпсіз жерге эвакуацияланды.