7 адам ажал құшты: Ақмола облысында мейрамханада жойқын жарылыс болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1186

Бурабай ауданының Щучинск қаласында тұрғын үйдің астыңғы бөлігінде орналасқан мейрамханада газ-ауа қоспасы жарылып, өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Хабар түскеннен кейін 5 минутта ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жетті. Өрт сөндірушілер ғимараттан 8 газ баллонын шығарып, 10-нан астам адамды құтқарды.

Алдын ала мәліметке сай, шамамен 20 адам зардап шеккен, 7 адам қаза тапқан. Өрт толық сөндірілді, үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиғаның себебі анықталып жатыр.