Алматы тауларында төрт қыз жоғалып кеткен

ТЖМ Алматы

ЖАҢАЛЫҚТАР
106

Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары тауда адасып қалған төрт қызға көмек көрсетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында, Үлкен Алматы көлі маңында, шамамен 2500 метр биіктікте болған. Төрт қыз Үлкен Алматы көліне көтерілгенімен, қайтар жолда бағытынан жаңылып, өздігінен төмен түсе алмай қалған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қыздарды тау бөктеріне дейін қауіпсіз алып түсті. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.

Төмен түскеннен кейін турист қыздар туыстарымен бірге үйлеріне қайтқан.

Шоу-бизнес

Алматыда өтіп жатқан Media Basket Almaty турнирі спорт пен ойын-сауықты қатар ұштастырып, көрерменде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанайда жас келін екі қайын әпкесінен қысым көргенін айтып, полицияға арызданды. Бұл туралы журна...