«Шыңғыс хан» және «Ұлы түрік тарихы» атты зерттеу кітаптарының таныстырылымы өтті

Жаңалықтар
2473

Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қос кітаптың тұсауы кесілді. Генерал, саяси ғылымдар докторы, профессор Ержан Исақұловтың «Шынгыз хан», белгілі шығыстанушылар Зәріпбай Оразбай мен Мұхаммедзафар Оразбаевтың «Ұлы түрк тарихы» атты зерттеу кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырманға жол тартты. Аталған еңбекте Шыңғыс хан туралы жаңа, тың еңбектер жазылған. Автордың айтуынша Шыңғыс хан туралы кітапты жазарда 10 жыл зерттеу жүргізіп, тың, жаңа деректерді енгізіп, әуелі қазақша одан кейін орысша нұсқасын жазған. Оқырман қауымға жол тартқан кітаптың электронды нұсқасы жуық арада қолжетімді болмақ

Ержан Исақұлов, кітап авторы: – Қазақ жастарына арналады. Олар өйткені ХХІ ғасырдағы Шыңғыс ханның ұрпақтары болып саналады. Менің ойымша, бұл кітаптардың қажеттілігі олар үшін өте маңызды.
Айта кетейік тұсаукесерге Қуаныш Сұлтанов, Владимир Бажко, Абай Тасболатов, Әли Бектаев, Дархан Мыңбай, Ләззат Сүлеймен, Әлімжан Құртаев, т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері менҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, ғылыми қауым, білім және мәдениет саласының өкілдері, қаламгерлер мен жастар қатысты.

Фото: дереккөз


Жаңалықтар

Соңғы 6 жыл ішінде қазақстандық 18 футбол клубқа мемлекет қазынасынан 200 миллиард қаржы бөлінген, д...

Жаңалықтар

Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қайғылы жағд...