“40 мыңнан астам сарбаз 7 млрд теңгеден астам несие алған”. Тілеухан Басқожаев сарбаздардың несиелері тоқтатылғанын айтты

Фото: dauletten.kz

Жаңалықтар
335

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев қазіргі әскерге шақырылғандардың бұрынғы несиелерінің көлемін атады.  Бұл несиелер бойынша төлемдер бүгіннен тоқтатылды, деп хабарлайды madeniportal.kz orda.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Тілеухан Басқожаев әскерге шақырылғандардың әскери борышын өтеу мерзімінде несие төлеу тоқтатылғанын еске салды. 

«Неліктен несиелік демалыстар енгізілгенін түсіну үшін мен сізге сандарды атайын. Бүгіннен бастап олар алып үлгерген 2 миллиард теңгеден асатын несиелер бойынша төлемдер (әскерге келгенге дейін) уақытша тоқтатылды. Жалпы, 40 мыңнан астам сарбаз  7 млрд теңгеден астам несие алған», - дейді ол.

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жанғұлин биылдан бастап барлық әскердегі сарбаздар үшін автоматты түрде несие мерзімі ұзартылатынын қосты.

«Егер есептер болсақ, бүгінде 6 мыңнан астам сарбаз 1 миллиард 828 миллион теңге болатын қарыздың мерзімін ұзартты», - деп түсіндірді ол. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...