Астанада үш бала жүк пойызымен ондаған шақырымға кетіп қалған

Фото: ПД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1147

Ақмола облысының Аршалы станциясында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 8, 10 және 11 жастағы үш баланы жүк пойызынан түсірді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тексеру барысында анықталғандай, балалар Астана станциясында қызығушылықпен бос вагонға мініп, ондаған шақырым жол жүріп кеткен. 

Абырой болғанда, полиция департаментінің қырағылығының арқасында балалар дер кезінде табылып, қайғылы оқиғаның алды алынды. Кәмелетке толмағандардың ата-аналары теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. 
Сонымен қатар олар балаларын қараусыз қалдырғаны және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін де жауапқа тартылады. Көліктегі полиция департаменті ата-аналарға ескертеді: балаларды бақылаусыз қалдыру олардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ басқа азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін.

Осы жылдың 10 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабының 1-бөлігінде көрсетілген теміржол көлігін пайдалану қағидаларын бұзудың 3 769 фактісін анықтаған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...