Алматы тұрғындары тағы да жер сілкінісін сезді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
106

Алматы тұрғындары тағы бір жер сілкінісін сезді. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметінше, жерасты дүмпулерінің магнитудасы 5,2 болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Дүмпулер қала тұрғындарына да сезілген.

Жерасты қозғалысы бірнеше секундқа созылғаны туралы әлеуметтік желіде хабарламалар тарады. Тұрғындар үйлер мен көпқабатты ғимараттарда дүмпуді сезгенін жазып жатыр.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің салдары мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда. Ресми мәліметтер түскен жағдайда қосымша хабарланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодарда облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев ұсталды. Бұған оның сүт фермасында болған...

ЖАҢАЛЫҚТАР

2026 жылдың 1 мамырында жалғыз ағасынан айырылған әйел әлеуметтік желіде жанайқайын жариялады, деп х...