Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне жаңа төраға тағайындалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2782

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен Данияр Ғалымұлы Тұрғамбаев ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды madeniportal.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Д.Қонаев атындағы университетті, Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы жекеменшік компанияда есепші болып бастаған.

2010-2019 жылдары аралығында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркі» ММ-де бас маман – мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер, бөлім бастығы, бас директордың орынбасары, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

2019-2021 жылдары – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директоры.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Экология жін табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...