“Мобилографын ертіп барады”: Шерзат қаза болған жерде суретке түскен Ардақ Назаров сынның астында қалды

Фото: madeniportal/Коллаж

ЖАҢАЛЫҚТАР
4219

Журналист Самал Ибраева Талғарда болған қайғылы оқиға орынында суретке түсіп жүргендерге шүйлікті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында Шерзат Полат қаза болған жер мен оның өртенген үйі киноалаңға айналғанын айтып отыр. 

“Мәжіліс депутаты Талғарға мобилографымен келіп, әдемі фотолар, рилстер түсіріп қайтыпты. 
Қайырымдылық қорының өкілі көрмеге келгендей өртенген үйдің жанында фотоға түсіп әлек. Трагедия орнын киноплощадка қылу біздікілерге “сән ғой”. Бір кем дүние”- деп жазды ол. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда 16 жастағы жасөспірімнің кісі қолынан қаза болғанын хабарлаған едік. 

Күдікті ретінде 7 адам ұсталды, олардың арасында бұрын сотталғандар да бар. 

Қаскөйлер марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеп жіберді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...