Кәсіпкер Айнұр Бектұрғанова кейбір психологтардың айтқанына еріп, отбасының берекесін кетіретін әйел...
Екі дүркін Олимпиада чемпионы өмірден өтті
ашық дереккөз
Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы әрі жаттықтырушы, мәнерлеп сырғанаудан екі дүркін Олимпиада чемпионы Артур Дмитриев 59 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Дереккөздің мәліметінше, маман Мәскеудегі ауруханалардың бірінде көз жұмған.
Артур Дмитриев – Олимпиада ойындарында екі түрлі серіктесімен чемпион атанған алғашқы мәнерлеп сырғанаушы. Ол 1992 жылы Наталья Мишкутенокпен, ал 1998 жылы Оксана Казаковамен жұптасып Олимпиада чемпионы атанды.
Мишкутенокпен бірге Дмитриев 1994 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алып, 1991 және 1992 жылдары екі мәрте әлем және Еуропа чемпионы болды. Ал Казаковамен бірге 1996 жылы Еуропа чемпионы атанды.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Дмитриев Ресей құрамаларының жаттықтырушы-кеңесшісі қызметін атқарды. Оның шәкірттері қатарында екі дүркін Олимпиада чемпионы Максим Траньков, Еуропа чемпионаттарының жүлдегері Мария Мухортова, Олимпиаданың күміс жүлдегері Александр Энберт, Ресей чемпионатының жүлдегері Катарина Гербольдт және басқа да спортшылар бар.
Артур Дмитриев 1998 жылы III дәрежелі «Отан алдындағы еңбегі үшін» орденімен, ал 1994 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.