Павлоларда 1 млн теңгені қалтасына басқан экс-мұғалім ұсталды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1489

Павлодарда ҰБТ-ға көмектесемін деп 1 миллион теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

IIM-нің мәліметінше, полицияға ер адам шағымданып, Павлодардағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып істеген азамат өзіне ҰБТ тапсыруға жәрдем беремін деп уәде бергенін, ақысына 1 миллион теңге алғанын айтқан.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқ екені тексеріліп жатыр», - деп хабарлайды полиция департаменті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...