Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері ел аумағында бір аптаның ішінде 5 көліктің өртін...
Алматыда анасының көзінше 7 жастағы қызды басып өлтірген
дереккөз
Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жастағы қыздың өмірін қиған жол апатына нүкте қойылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Қайғылы оқиға биыл сәуірде Алатау ауданында болған. Баланың қасында анасы тұрған. Көлік жүргізушісі уақытында тоқтай алмай, қызды басып өткен.
Сот дерегінше, «Ситрак» маркалы жүк көлігін тізгіндеген азаматқа Қылмыстық кодекстің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкелу бабымен айып тағылды.
Ол екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса бес жыл бойы көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды, тек материалдық шығынды өтеу бөлігінде түзету енгізді.
Полиция мәліметіне сүйенсек, бүлдіршін жолды белгіленген жерде өткен. Қауіпсіз деп саналатын өткелде баланың қаза табуы қоғамда жолдағы жауапкершілікке қатысты сұрақтарды қайта көтерді.