Жамбыл облысында дәрігерлер 2,5 жастағы балаға күрделі операция жасап, асқазанынан сирек кездесетін...
Тоқаев жаңа Қорғаныс министріне әскери қызмет қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады. Кездесуде елдің қорғаныс қабілетін нығайту және Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын арттыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президент әскери басқару жүйесін жетілдіру, әскери қызметшілердің кәсіби даярлығын күшейту және әскердегі тәртіп пен жауапкершілікті арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Тоқаев әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын қорғауға ерекше назар аударды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл барлық деңгейдегі әскери қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек.
Сонымен қатар әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен әскери техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу міндеттері қойылды.
Президент сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп және Отанға адалдық қасиеттерін қалыптастыру үшін әскердегі тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды.
Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдау мәселесіне де ерекше мән берілді.