Алматыда базар алапат өртке оранды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1810

ТЖМ құтқарушылары отпен күресуде, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласы өрт сөндірушілері Рысқұлов даңғылындағы базар аумағында қойманың өртін сөндіруде. Оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың қатысуымен өртті сөндіруге арналған штаб жұмылдырылды.

Өрт оқпандары енгізілді, өрт автоцистерналары су көздеріне жедел орнатылды, суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Оқиға орнында  77 адам мен 19 бірлік техника жұмыс істеуде.

Нәтижесінде ТЖМ күштерімен өрт 350 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіру қоймада болған заттардың үлкен жанғыш жүктемесінің, қатты қызумен , сондай-ақ жақын жерде жоғары вольтты электр беру желісінің орнатылғанынан күрделенді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...