Пара алып ұсталған шенеунік директор болып тағайындалды – Журналист

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2001

Белгілі журналист Аслан Қаженов әлеуметтік желі қолданушылар шулатып қойды, деп хабарлады Мadeniportal.kz.

Оның сөзінше бұрын пара алды деп ұсталған шенеуік лауазымды қызметке тағайындалған.

"Бұндай абсурд бізде ғана болады...

Пара алып ұсталған экс-шенеунік «Барыстың» бас директоры болды. Әңгіме Сәкен Мұсайбеков жайында. Ол 2021 жылы қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы бойынша ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған болатын. Яғни, букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсеткен үшін пара алған. Сәкен Мұсайбеков кінәсін мойындап, мемлекетке 62 млн теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған еді.

Енді ол «Барыс» хоккей клубының бас директоры болып тағайындалды. Сонымен қатар, Ұлттық Олимпиада комитетінде қысқы олимпиадалық спорт түрлері жөніндегі вице-президент және Шайбалы хоккей федерациясының бас директоры қызметін де атқарады. Әп-бәрекелді!", Аслан Қаженов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...