Тоқаев Головкинді World Boxing президенті болып сайлануымен құттықтады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
1060

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстан президентінің құттықтауын Ақорда баспасөз қызметі жариялады.

"Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды", - делінген Тоқаевтың құттықтауда.

Айта кетейік, бүгін Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing халықаралық федерациясының президенті брлып тағайындалды. Қазақстандық бокс жұлдызы Римде өткен Конгреске қатысып, басшылық қызметі кезінде ұстанатын төрт бағытты атады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...